Стамбул қаласында жарылыс болды

Стамбул қаласында жарылыс болды


16:55, 12 қаңтар 2016
346 - рет қаралды



Стамбулдың Сұлтанахмет алаңында қуатты жаралыс болды. Habertürk қаза тапқандар мен жараланғандардың бар екендігін хабарлауда.

Жарылыстан 8 адам мерт болып, 11 адам жараланғандығы айтылып жатыр. Бірақ, зардап шеккендер жайлы ақпараттар әлі толық емес.

Жаралыс дыбысы Картал, Кадыкөй, Үскідар, Таксим, Бешікташ, Чағлаян, Еюуп, Сиркежи, Фындыклы және Касымпаша сынды бірқатар аудандарына дейін жеткендігі жөнінде деректер бар. Оқиға болған жерге жедел жәрдем, полиция мен құтқарушылар келуде. Жаралыстың нақты неден болғаны әзірге белгісіз.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні