«Star Wars 7» фильмін шығарушылардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Star Wars 7» фильмін шығарушылардың үстінен қылмыстық іс қозғалды


16:01, 13 ақпан 2016
329 - рет қаралды

Фильмнің түсірілімі барысында еңбек қауіпсіздігіне қатысты өрескел заңбұзушылықтар болған.



Ұлыбританияда «Star Wars: Episode VII - The Force Awakens» («Звездные войны: Эпизод 7 - Пробуждение Силы») картинасының түсірілімі барысында жіберілген еңбек қауіпсіздігінің бұзылу фактілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, түсірілім кезіндегі өрескел қателіктердің салдарынан актер Харрисон Форд қатты жарақаттанып қалған.

«The Health and Safety Executive» мемлекеттік бақылау құрылымы бұған «Walt Disneyге» қарасты «Foodles Production» компаниясы жауап береді, дейді.

2014 жылы картинаның түсірілімі кезінде «Мыңжылдық бүркіт» («Сокол тысячелетие») ғарыш ұшағы макетінің есігінің дұрыс жұмыс істемеуінен Харрисон Форд аяғын сындырып алған. Алайда, актер бұл оқиғаға қатысты ешкімге шағымданбаған.

Ал, «Foodles Production» билік өкілдерімен бірлесе қызмет етуге келісетінін, түсірілімге қатысты барлық ақпараттарды көрсететінін мәлімдеді.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні