Талдықорғанда Қант диабеті орталығы ашылды

Талдықорғанда Қант диабеті орталығы ашылды


19:00, 22 қаңтар 2016
182 - рет қаралды

Бүгін Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласындағы «Нур-Авиценум» медицина орталығында республика бойынша алғашқылардың бірі болып қант диабеті орталығы ашылды.



Бұл игі шара Елбасының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «Ұлт жоспары – «100 нақты қадамның» 81 қадамында көрсетілген «жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізуді» іске асыру мақсатында қолға алынды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Биыл елімізде «Денсаулық» атты жаңа мемлекеттік бағдарлама қолға алынып, нәтижесінде осы орталықта науқастар тегін емделіп, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін болады.

Салтанатты шараның ашылуына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев өзінің құттықтау сөзінде: «Елбасымыз қазіргі жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан, еліміздің дамуын тоқтатпай мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі стратегиясында көзделген межелерге жету жолында барлық қажетті жағдайды жасауда. Мемлекетіміздің басты байлығы - халқымыздың денсаулығына үлкен көңіл бөлінуде. Осы орталықтың ашылуы Мемлекет басшымыздың мемлекеттік – жекеменшік әріптестікті нығайту туралы тапсырмасын орындаудың жарқын көрінісі»,-деді.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні