«Таңшолпан» бағдарламасынан 28 наурызда көретіндеріңіз...

«Таңшолпан» бағдарламасынан 28 наурызда көретіндеріңіз...


10:07, 27 наурыз 2016
257 - рет қаралды



28  наурызда «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасында жас кәсіпкер Медетжан Ізғұттинов қонақта болмақ.  Кәсіпкер ши бауырсақ өндірісімен айналысады.

Отандық өнім, «Қазақстанда жасалған» акциясын жүзеге асыру идеясын алғаш рет қолдағандардың бірі.  

Ал, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы: қол жеткізген жетістік, қоғамдық сананың жаңғыруы» тақырыбында сұхбат бермек.

Сондай-ақ, «МelART» тобы жақында «Сені сағындым» атты ән кешін өткізеді. Осыған орай студияда қонақта болған топ мүшелері шығармашылықтарындағы өзге де жаңалықтарымен бөлісіп, бағдарлама барысында «Сені сағындым» әнін орындайды.

Сонымен қатар, 28 наурызда «Таңшолпан» ұйымдастырған «Жарасымды жұп» байқауының алғашқы қатысушылары Айтуған Рсалдин мен Ұлжан Рсалдина туралы сюжетті көре аласыздар.

Осы және өзге де қызықтарға қаныққыңыз келсе, дүйсенбі 70:00-10:00 аралығында Ұлттық арнаны қосыңыз.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні