«Таңшолпан» бағдарламасынан 24 наурызда көретіндеріңіз...

«Таңшолпан» бағдарламасынан 24 наурызда көретіндеріңіз...


18:00, 23 наурыз 2016
299 - рет қаралды

Еске сала кетейік, «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы дүйсенбі-жұма күндері сағат 07:00-10:00 аралығында эфирге шығады.



«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының ертеңгі яғни, 24 наурыздағы қонақтары қатарында актриса, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Сая Тоқманғалиева және жас актер Айбар Өмірбек бар.

Қырғыз халқын күллі әлемге танытқан, «Адамзаттың Айтматовы» атанған Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы «Раймалы» аңызы мен «Жәмилә» повесі негізінде режиссер Талғат Теменов «Аққудың көз жасы...»  атты сахналық драманы дүниеге әкелді. Актерлер  осы драма төңірегінде әңгіме өрбітпек.

Күйші Ақжусан Иманғазықызы жақында жеке концертін өткізеді. Осыған орай өнерпаз шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөліспек.  

Сонымен қатар, суда жүзудің пайдасы, көктемгі киім үлгілері, сәнгер кеңесі, әлемдегі ең биік әрі ең көрікті ғимараттар бестігі, балаларды интернеттегі зиянды ақпараттардан қорғау сынды пайдалы кеңестер туралы да ертеңгі бағдарламадан біле аласыздар.

Еске сала кетейік, «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы дүйсенбі-жұма күндері сағат 07:00-10:00 аралығында эфирге шығады.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні