Танымал сарапшы мұнай баррелінің бағасы 85 АҚШ доларына дейін көтеріледі деген болжам жасады

Танымал сарапшы мұнай баррелінің бағасы 85 АҚШ доларына дейін көтеріледі деген болжам жасады


18:55, 2 ақпан 2016
336 - рет қаралды

Дүйсенбі күні энергетика саласының белгілі сарапшысы, Cornerstone Analytics зерттеу фирмасының негізін қалаушы Майкл Ротман: «Күрт төмендеп кеткен мұнай бағасы жылдың екінші жартысында барреліне 85 АҚШ доллары деңгейіне дейін қайта көтеріледі», деген болжам жасады.



Оның айтуынша, бұл жаңалықты түбегейлі мұнай өндіру көлемін азайтумен байланысты келісімдерің нәтижесі деп бағалауға болмайды.

West Texas Intermediate мұнайы шамамен 5 пайызға, яғни, барреліне 32 АҚШ долларына дейін төмендеді. Осы жағдайдан кейін ОПЕК пен Ресей арасындағы мұнай өндірісін қысқарту жөніндегі келісімнің жүзеге асуына қажетті алғышарттар пайда болды.

«Алғашқыда, мұнай өндірісін қысқарту жөніндегі Ресей мен ОПЕК арасындағы келісім мүмкін емес болып көрінген. Өйткені, Ресейдің жағдайы белгілі. Олар жақын арада өндірісті қысқарта алмайды. Дегенмен, алдағы уақытта жағдай басқаша өріс алуы мүмкін»,-дейді - Ротман.

Оның пікірінше, ОПЕК елдері үшін жағдайдың осы деңгейде қалуы мүмкін емес.

 

 

 

Сілтеме:

www.cnbc.com/2016/02/01/oil-could-surge-to-85-by-year-end-analyst.html


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні