Теміржол вокзалында көрсетілетін қызметтер (ВИДЕО)

Теміржол вокзалында көрсетілетін қызметтер (ВИДЕО)


09:31, 5 ақпан 2016
267 - рет қаралды

Астана теміржол вокзалы бүгінде 84 жолаушылар пойызы мен 20 қала маңына жүретін теміржол көлігін қабылдап, жөнелтеді.


Бас қаладан тәулігіне бес мыңға жуық жолаушы сапарға шығады. Вокзал 1800 жолаушыға лайықталған. Мұнда кіргеннен бастап, жолаушыға бірнеше қызмет түрі көрсетіледі.

Саны 120-дан асатын вокзал қызметкерлері екі ауысыммен 24 сағат бойы жұмыс істейді.

Хабарлаушы арнайы бөлмеде отырып, келіп-кетіп жатқан пойыздар кестесі бойынша қазақ-орыс тілдерінде ақпарат береді. Жолаушыға қатысты өзге де қосымша ақпараттарды тарату да - хабарлаушының міндеті.

Ал, вокзалдың барлық аумағының көрінісі күні-түні ауысымды бейнебақылау операторларының назарында. Оларға қойылатын басты талап - қырағылық. Сонымен қатар, вокзал ішінде тәулік бойы «Ана мен бала бөлмесі» жұмыс істейді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні