Терінің әдемі болуы үшін су ішу аздық етеді

Терінің әдемі болуы үшін су ішу аздық етеді


14:00, 4 қаңтар 2016
537 - рет қаралды

Доктор Кэролайн Седеркуист бет терісінің әдемілігі үшін не қажет екенін айтып берді.



Дұрыс тамақтану жөніндегі «Фактор MD» кітабының авторы  доктор Кэролайн Седеркуист терінің әдемі болуы үшін суды қаншалықты ішкен дұрыс деген сауалға жауап іздеп көрді.

 

Су сенің барлық мәселеңді шешпейді

«Егер Сіз күніне қажетті мөлшерде су ішіп жүрсеңіз, ол терінің жетіспейтін ылғалдылығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Алайда, терінің саулығы мен бет терісінің таза болуына бір ғана судың әсері аз. Сол себепті, ақуыз, пайдалы майлар мен көмірсулар да аса қажет».

 

Күніне екі литр су – қажетті мөлшер

«Егер Сіздің салмағыңыз артық болса, онда бұл мөлшерге тағы (әрбір 10 келіге) 0,2 литр су қосқан жөн».

 

Сұлулық сыры – суда деп білетін жұлдыздардың жетегінде жүрме

«Әдемі көріну – жұлдыздың міндеті. Сондықтан, суға күнделікті жаттығу, қажетті ұйқы, пайдалы диета және косметологтар жұмысын да қосу қажет».

 

Теріңіз сұлу көрінсін десеңіз, дұрыс тамақтаныңыз

«Құрамында майлы қышқылдары аса көп май, шоколад, майлы сиыр еті, қой еті, шошқа еті, шұжық, ірімшік, маргарин қосылған кондитерлік өнімдерден тұратын азықты аз тұтыну керек.

Сондай-ақ, жартылай фабрикат, газдалған сусын, фаст-фуд, зиянды снэк – чипс, тәтті  немесе тұзды жаңғақтардан да бас тартқан жөн.  Пайдалы диета мен күнделікті ішіп жүрген екі литр судың адам ағзасына пайдасы мол».


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні