Томирис Жанғазина «Іңкәр жүректе» Іңкәрдің рөлін сомдайды

Томирис Жанғазина «Іңкәр жүректе» Іңкәрдің рөлін сомдайды


10:17, 14 қаңтар 2016
602 - рет қаралды

Телехикая 16-17 қаңтарда көрермен назарына ұсынылмақ.


Қайырымдылық жасау – жасқа, жағдайға қарамайды. Бастысы – ниет. Жас әнші, актриса Томирис Жанғазина жуырда түскен киносынан тапқан қаражатын әжесінің  еміне жұмсады. Ол әжесіне шұғыл ота қажет екенін естігенде, бір минут та ойланып тұрмады. Қазір әжесі немерелерінің ортасында қызықтарына батып отыр.

«Іңкәр жүрек» Ұлттық арна көрермендеріне  осы аптада ұсынылатын көп бөлімді отандық мелодрама. Томирис – осы телехикаяның басты кейіпкерлерінің бірі Іңкәрдің рөлін сомдайды.

«Бұл туындыдан алған әсерім керемет. Себебі, менің кейіпкерім әкесін 15 жыл бойы білмей келеді. Сонда ең алғаш әкесімен кездескендегі әсерін беру қиын болды. Бірақ, режиссердің көмегімен бұл қиындықты оңай еңсердік»,-дейді актриса.

Томирис Жанғазина бір басына бірнеше өнер тоғысқан дарынды қыз. Осы күнге дейін 10-нан астам киноға түсіп үлгерді. «Айгөлек», «Бозторғай», «Әнші балапан» сияқты республикалық байқаулардың жеңімпазы.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні