«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жаңа «Өз үйім» бағдарламасын бастайды

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жаңа «Өз үйім» бағдарламасын бастайды


17:18, 26 қаңтар 2016
1489 - рет қаралды

Бағдарламада баспана алу үшін Алматы мен Астана қалаларында кемі екі жыл тұрақты тіркеуде тұру талабы жоқ.



Қазақстанның «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларға қолайлы болуы үшін жаңадан «Өз үйім» атты бағдарламаны іске қосады. Бағдарлама 2022 жылға дейінгі кезеңді қамтымақ. Бұл туралы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі кезде банк жергілікті атқарушы органдармен, екінші деңгейлі банктермен және құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізіп жатыр. «Бағдарламаға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» кез келген салымшысы қатыса алады. Алайда, бірінші кезекте баспанасы жоқ азаматтарға басымдық берілмек.

Мұнда баспана алу үшін бұрынғыдай Алматы мен Астана қалаларында кемі екі жыл тұрақты тіркеуде тұру талабы жоқ. Ал, 2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту бағдарламасында осындай талап қарастырылған», - делінген банктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазіргі кезде бағдарлама аясында тұрғындарға берілетін баспананың әрбір шаршы метрінің құны 180 мың теңге көлемінде бекітіліп отыр. Ал, несиенің жылдық пайызы 5 тен 10 пайыз аралығында болмақ.

2016 жылы «Өз үйім» бағдарламасы бойынша 350 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Бағдарлама аяқталғанға дейін бұл мөлшер 1,5 млн шаршы метрге жететін көрінеді. Бағдарламаны банктің өзі қаржыландыратыны айтылған.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні