Туристер жалғыз саяхаттауды ұнататын елдердің рейтингісі жасалды

Туристер жалғыз саяхаттауды ұнататын елдердің рейтингісі жасалды


17:00, 23 қаңтар 2016
244 - рет қаралды

Туристер дауыс беру арқылы әлемде саяхатшылардың жалғыз жүріп аралауды ұнататын елін таңдады.



Дауыс беруге дүниежүзінен 16 мың адам қатысты. Жалғыз аралауды ұнататын туристердің сүйікті елі Испания екендігін мәлім болды.

Туристік саладағы кірісі бойынша Испания Еуропада 1 орында. Испания бай тарихы, мәдениеті және тіл үйірер ерекше асханасымен туристерді өзіне тартады.

Сонымен қатар, бұл ел - әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттердің бірі. Рейтингте екінші - Италия, үшінші - Австралия тұр. Төртінші орында - Жаңа Зеландия, ал бірінші бестікті Бразилия аяқтайды. Қазақстан бұл тізімде 58 орынға тұрақтаған.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні