Ұлттық арна 8-наурыз мерекесіне арнап «Шын жүректен...» атты мерекелік шара ұйымдастырады

Ұлттық арна 8-наурыз мерекесіне арнап «Шын жүректен...» атты мерекелік шара ұйымдастырады


20:00, 23 ақпан 2016
487 - рет қаралды

«Қазақстан» Ұлтық арнасы ақпанның 25-і күні 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, «Шын жүректен...» атты мерекелік шара ұйымдастырады.



Айта кетейік, бұл Ұлттық арна ұжымы тарапынан тұрақты әрі дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан шара. Оған еліміздің аймақтарынан қалың көпшілік ерекше қадір тұтып, құрметтейтін танымал апа-әпкелеріміз бен қаракөз қарындастарымыз шақырылмақ. Мерекелік шара барысында оларға арнайы дайындалған түрлі аталымдар негізінде сыйлықтар ұсынылып, құрмет көрсетіледі. Сондай-ақ, осы кісілер жөнінде бейнесюжет көрсетіліп, өнерпаз отбасылардың өкілдері дайындаған мерекелік концерт қойылады.

Бұл шараның басты ерекшелігі - оған қатысатын танымал тұлғалардың барлығы өнерлерін өздерінің бала-шағаларымен бірлесе отырып ортаға салады. 

Сонымен қатар, шарада театрландырылған көріністер де ұйымдастырылатын болады. Мерекелік шара 25 ақпан күні «Қазмедиа» орталығының «Киноконцерт» залында сағат 17-00-де басталады.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні