Ұлттық арна эфирінде - «МузАРТ LIVE» мега-жобасы!

Ұлттық арна эфирінде - «МузАРТ LIVE» мега-жобасы!


10:01, 14 наурыз 2016
3315 - рет қаралды

«Мұзарт» тобы ізбасарларын іздейді.


2016 жылы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында осы жылдың үздік мега-жобасы – «МузАРТ LIVE» тұсауын кеспек. Қазақ халқының сый-құрметіне бөленіп, миллиондардың жүректерін жаулаған «Мұзарт» тобы өз ізбасарларын ел арасынан іздейді.

Байқаудың ұйымдастырушысы – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы. Мега-жобаның жүргізушілері, танымал актер  Азамат Сатыбалды, жас актер, тележүргізуші Нұрсұлтан Есжан және журналист  Дина Төлепберген. Продюсері  Ренат Гайсин.

«МузАРТ LIVE» музыкалық тележобасына 16 жастан 25 жасқа дейінгі аралықтағы талантты ер жігіттер қатыса алады. Үміткерлердің музыкалық білімінің болуы шарт емес. Сондай-ақ, музыкалық талғамы мен орындаушылардың құрамына да (соло, дуэт, топ) мән берілмейді. Ең басты талап – қатысушы мемлекеттік тілде ән айта білі керек. 

«МузАРТ LIVE» музыкалық байқауы 3 кезеңнен тұрады.

І кезең – Онлайн іріктеу (кастинг) 15-ші наурыздан 15-ші сәуір аралығында өтеді ( онлайн өтініш берген үміткерлердің жұмысы қаралады).

ІІ кезең – Аймақтық іріктеу «МузАРТ» тобының қатысуымен өтпек. Байқаудың аймақтық іріктеу кезеңі 10-шы мамырдан 25-ші мамыр аралығында Қазақстанның 5 қаласында -  Астана, Алматы, Атырау, Өскемен және Шымкентте өтеді.

Екінші кезең аяқталған соң қазылар алқасы 2 аптаның ішінде байқаудың үшінші кезеңіне жолдама алатын 60 үміткердің есімін жариялайды. Ұлттық музыкалық тележобаның ІІІ кезеңі үміткерлерге телетүсірілімге қатысу мүмкіндік жасайды. 

ІІІ кезеңге өткен үміткерлер стиль, имидж, репертуар, хореография саласы бойынша ұйымдастыру комитетінен кеңес алады деп жоспарланып отыр. Ақтық сында бар-жоғы 6 адам бағын сынайды.

Қатысу ережесі бойынша толық ақпаратты www.kaztrk.kz, www.viamuzart.kz ресми сайттарынан, жобаның @muzartlive_official ресми instagram парақшасынан алуға, сондай-ақ онлайн өтініштерді show@muzart.kz е-mail адресіне жолдауларыңызға болады.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні