Ұлтық арна «Шын жүректен...» атты мерекелік шараға шақырады

Ұлтық арна «Шын жүректен...» атты мерекелік шараға шақырады


12:23, 25 ақпан 2016
256 - рет қаралды



Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, «Шын жүректен...» атты мерекелік шара өтеді.

Айта кетейік, бұл Ұлттық арна ұжымы тарапынан тұрақты әрі дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан шара. Оған еліміздің аймақтарынан қалың көпшілік ерекше қадір тұтып, құрметтейтін танымал апа-әпкелеріміз бен қаракөз қарындастарымыз шақырылмақ.

Мерекелік шара барысында оларға арнайы дайындалған түрлі аталымдар негізінде сыйлықтар ұсынылып, құрмет көрсетіледі. Сондай-ақ, осы кісілер жөнінде бейнесюжет ұсынылып, өнерпаз отбасылардың өкілдері дайындаған мерекелік концерт қойылады.

Бұл шараның басты ерекшелігі - оған қатысатын танымал тұлғалардың барлығы өнерлерін өздерінің бала-шағаларымен бірлесе отырып ортаға салады. 

Мерекелік шара бүгін  сағат 17:00-де басталады.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні