VI Қысқы Универсиадада Қостанай мемлекеттік университеті көш бастап тұр

VI Қысқы Универсиадада Қостанай мемлекеттік университеті көш бастап тұр


17:20, 11 ақпан 2016
353 - рет қаралды

Алматыда Ұлттық Универсиада жалғасуда. 2016 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша 34 команданың арасында жалпы медальдік есепте А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті көш бастап тұр.



Университеттің қоржынында 9 медаль: 3 алтын, 4 күміс және 2 қола бар. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Екінші орында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті. Жоғары оқу орнының командасы 9 медаль, оның ішінде 3 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлдені иеленді. Студенттік спартакиаданың жалпы есебінде әзірге үшін орынды Қазақ спорт және туризм академиясы ұстап келеді. ҚСТА  есебінде 6 медаль: 3 күміс және 3 қола.

Одан әрі тізімді Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты жалғастыруда, спортшылары 5 медальға ие болды, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты және Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (4 медальдан), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  (3 медаль),  Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және Қазақ ұлттық аграрлық университеті (2 медальдан).  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттері 1 марапаттан алды.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні