Жамбыл облысының әкімі 8 наурыз мерекесіне орай 100 жастағы ананы құттықтады

Жамбыл облысының әкімі 8 наурыз мерекесіне орай 100 жастағы ананы құттықтады


16:38, 5 наурыз 2016
314 - рет қаралды

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев 100-ге келген қала тұрғыны Дәнеш Әбілдаеваны құттықтады.



Осыдан дәл бір ғасыр бұрын қаңтар айының бірінде Дәнеш әжей ғасырлық мерейтойын атап өтті. Дәнеш Мырзахметқызы бақуатты әулетте туып өскен. Жары Ерлан Әбілдаев мұғалім болып жүрген кезінде майданға аттанады. Ол Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысып, Берлинге дейін барған. Соғыс аяқталғаннан кейін елге оралған жары алған жарақаттың салдарынан көп ұзамай көз жұмады. Бір ұл, екі қызбен жесір қалған Дәнеш әжей егістікте бидай егіп, оны қолмен орып, өлместің күнін кешеді. Бар ғұмырын ұл-қыздарына арнаған әжей бүгінде 24 немере, 50 шөбере, 18 шөпшек сүйіп, бақытты ғұмыр кешуде.

«Ұлы Отан соғысы жылдарында жолдасыңыз Отан қорғауға аттанып, тылда тер төгіп, ер адамның орнына жер жыртып, отын тасып халыққа қызмет көрсеттіңіз. Соғысты да, ашаршылықты да көрдіңіз. Енді бүгін ұл-қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің қызығын көріңіз» - дегені тілегін жеткізген облыс әкімі қарт ананы көктемнің әсем мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, баянды бақыт, отбасына амандық, құт-береке тілеп, сыйлығын тапсырды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні