Жапондық Nikkei қор индексі соңғы 16 айда белсенді сауда-саттықтағы жаңа минимумына жетті

Жапондық Nikkei қор индексі соңғы 16 айда белсенді сауда-саттықтағы жаңа минимумына жетті


18:30, 12 ақпан 2016
286 - рет қаралды

Жапондық Nikkei қор индексі соңғы 16 ай ішінде өзінің белсенді сауда-саттықтағы жаңа минимумына жетті. Nikkei 225 қор индексі бүгін 760,78 ұпайын (4,84%-н) жоғалтып, 14 952,61 деңгейін сақтап тұр.



Бұның басты себебі – иена долларға қарағанда әлсізденді. Инвесторлар бұл қатерден сақтануы үшін тәуекелді активтерден құтылуға тырысқан. Бір аптаның ішінде индекс 11,1 пайызын  жоғалтқан. Ал, Topix индексі 1196,28 пунктке дейін (5,4%-ға)  төмендеді. JPX-Nikkei 400 индексі 10,780.40  пункт - 5,6 пайызға төмендеді.

Сонымен қатар, Гонконгтың негізгі индексі де соңғы үш жарым жыл көлемінде шамалық минимумын көрсетті. Нақты айтқанда, Hang Seng 1,2 пайызға төмендеп, 18,319.58 ұпай шамасын межелеген. China Enterprises  индексі 7505,37 пунктке дейін (1,99% -ға) төмендеген. Сонда Hang Seng индексі бір аптада-ақ  5 пайызын жоғалтты.

Ал, Қытай нарықтары демалыс күндеріне байланысты осы аптада жабық.

 

http://www.rosbalt.ru/business/2016/02/12/1489386.html


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні